25
қыркүйек
2023
«Алматы ұстазы - 2023»
«Алматы ұстазы - 2023» байқауының Алматы қаласы бойынша 2343 аса ұстаз тіркелген, 1318 педагогтың эссесі бағаланып, 205 мектептен 11 оқу пәні бойынша 73 сарапшы жұмысты бағалады. Үздік эссе жазған 100 мұғалімнің қатарына еніп, ашық сабақ беріп, Алматы қаласының әкімінің қолдауымен, білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл байқаудың жас ұстаздарға берер тәжірибесі мол. 2-кезеңде 114 қатысушы 22 мектеп базасында сабақ берген мектебіміздің мұғалімдері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кауменова Рысханым Аманғалиқызы, бастауыш сынып мұғалімі Ноғайбаева Айгерім Байбекқызы «Алғыс хат» иеленді. Біз білікті мамандарымызбен мақтанамыз!@edu.almaty
