“Жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайлар”
Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес №109 ЖББ мектептің оқушылары арасында “Жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайлар” тақырыбында каскадты сабақ өткізілді. Нәтижесінде төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдары, алғашқы көмек көрсету шараларымен танысты.Қауіпсіздік ережелерін сақтауды, жер сілкінісі кезінде үйде, көшеде, дұрыс әрекет етуді меңгерді. @almaty_tjd