15
ақпан
2023
Алматы қаласы Жетісу ауданы №109 ЖББ мектеп КММ Бастауыш сыныптар бірлестігі Құнафина Сәулет Жанарбеккызының ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныптарда инновациялық технологияларды қолдана отырып, білім сапасын арттыру» атты қалалық семинар өткізді.
Алматы қаласы Жетісу ауданы №109 ЖББ мектеп КММ Бастауыш сыныптар бірлестігі Құнафина Сәулет Жанарбеккызының ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныптарда инновациялық технологияларды қолдана отырып, білім сапасын арттыру» атты қалалық семинар өткізді. Семинардың мақсаты инновациялық технологияларды қолданып сабақ беріп жүрген мұғалімдердің іс- тәжірибесін тарату. Қаланың 74 мектебінен келген бастауыш сынып мұғалімдері 3в сыныбының “Қазақстан - мақтанышым” атты патриоттық тәрбие сағатын, жетекшісі Құнафина Сәулет Жанарбекқызы, 2 г сыныбы, жетекшісі Жұмақанова Фарида Жексенбайқызының әдебиеттік оқу пәнінен “ Қазақ салты”, 3б сыныбы, жетекшісі Қабылбаева Ғалия Бейсембайқызының жаратылыстану пәнінен “Ғарышқа қалай ұшады?” , 4б сыныбы, жетекшісі Болатова Айдана Дәуренқызының математика пәнінен “Пайыздар” , 4 ә сыныбы , жетекшісі Қансейітова Айнұр Серікқызының қазақ тілі пәнінен “Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі” тақырыбында өткен сабақтарына қатысты. Семинар қорытындысында әріптестер “кофе-брейк” барысында пікір алмасты. Семинар өте жоғары дәрежеде өтті.










