20
мамыр
2022
«Алматы БАЛА FEST» балалар фестивалі аясында робототехника және бағдарламалық жобалар бойынша «IT-Хакатон» байқауының аудандық кезеңі өтті.
19 мамыр күні №109 ЖББ мектепте «Алматы БАЛА FEST» балалар фестивалі аясында робототехника және бағдарламалық жобалар бойынша «IT-Хакатон» байқауының аудандық кезеңі өтті. Робототехника және бағдардамалық жобалар бойынша мектепішілік байқауда озық шауып, бәйге алған Жетісу ауданы мектептерінен 62 оқушы қатысып, балалар фестивалінің додасында бақ сынады. Сайыс алдымен мектеп фойесінде ұйымдастырылған роботтар көрмесімен бастау алып «Роботтар жарысы» және «Бағдарламалық жоба» номинациялары байқауына жалғасты. Байқау барысында Джоргабаев Абзал, Шынтөреев Бағдат әріптестеріміздің оқушылары «Роботтар жарымынан» 1-орын алып «Қалалық кезеңге» жолдама алды. «Бағдарламалық жоба» бойынша әріптесіміз Сүлейменова Айман және Даулетова Меруерт оқушылары 3 орын алып жеңіске жетті. Құтты болсын жеңістеріміз әріптестер!!! 👏👏👏👏🌹🌹🌹 





