Біз туралы » Страница 10 » №109 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№109 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-91-17
Есепші бөлімі:
+7(727) 253-01-22
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
109 ЖББ мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі Смағұлов Айдос Қашқынбайұлы Жетісу ауданы әкімі Гулнар Кокобаеваның алғыс хатымен марапатталды.
06
қазан
2021
109 ЖББ мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі Смағұлов Айдос
" Ұстаздар күні" кәсіби мерекеге орай және тәрбие беру процестерін ұйымдастыруға, өскелең ұрпақта зияткерлікті қалыптастыруға және адамгершілікке тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі, білім саласындағы адал еңбегі үшін 109 ЖББ мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі Смағұлов Айдос Қашқынбайұлы Жетісу ауданы әкімі Гулнар Кокобаеваның алғыс хатымен марапатталды. 
№109 ЖББ мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі Даулетқұлова Айсұлу Сыдыққызы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.
05
қазан
2021
№109 ЖББ мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі Даулетқұлова Айсұлу
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі қол жеткізген табыстары үшін №109 ЖББ мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі Даулетқұлова Айсұлу Сыдыққызы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды. Ұрпақ тәрбиеледеудегі ізгі бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! @zhetisu.roo @edu.almaty 
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды!
05
қазан
2021
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың АЛҒЫС ХАТЫМЕН
Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін №109 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құнафина Сәулет Жанарбекқызы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды! Саулет Жанарбекқызы, еңбегіңіз еленіп, шәкірттеріңіздің алғысына бөленіңіз!@zhetisu.roo @edu.almaty 
Ата-аналарды 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету мақсатында 22 мамыр 2021 жыл жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті.
22
мамыр
2021
Ата-аналарды 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету
№109 ЖББ мектепте ата-аналарды 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету мақсатында 22 мамыр 2021 жыл жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Күн тіртібінде: 1.2020-2021 оқу жылының қорытындысы.  2. 9, 11-сыныптар мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың ерекшеліктері мен  ұйымдастыру жұмыстары. 3. Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігі. 4. Ағымдағы мәселелер.
«Отбасы сағаты»
15
мамыр
2021
«Отбасы сағаты»
Алматы қалалық Білім басқармасы, қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы және Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасы негізінде 15 мамыр- Халықаралық отбасы күніне орай республикалық «Отбасы сағаты» науқанында 109 мектептің 5-сынып оқушысы Ермұрат Бекарыс Отбасы күнімен барша қазақстандықтарды  құттықтайды. #childrenrightskz #balaqorgau #bala_qorgau #otbasysagaty @zhetisu.roo @kopd_mon_rk @edu.almaty @edualmaty @kokobayeva_gulnara
ҚАЛАЛЫҚ ЮНИФЕСТ БАЙҚАУЫНАН І ОРЫН
15
мамыр
2021
ҚАЛАЛЫҚ ЮНИФЕСТ БАЙҚАУЫНАН І ОРЫН
«Мейірімділік пен жүрек жылуы — адамзаттың ізгі қасиеттері» қалалық ЮНИФЕСТ байқауына мектебімізде 5 қатысушыдан құралған мұғалімдер (Мыңжасар Гүлайым, Кауменова Рысханым) мен оқушылар (Мұратұлы Айдын – 8-сынып, Қуаныш Рауан – 6-сынып, Мұрат Салтанат – 6-сынып) «Қамқор» тобы «Туған табиғатты аяла» номинациясы бойынша  І орынды жеңіп алды. «Қамқор» тобын жеңісімен құттықтаймыз.