ҚҰНДЫ МҰРА-КИІЗ ҮЙ » №109 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№109 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-91-17
Есепші бөлімі:
+7(727) 253-01-22
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
қараша
2021

ҚҰНДЫ МҰРА-КИІЗ ҮЙ

ҚҰНДЫ МҰРА-КИІЗ ҮЙ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №109 жалпы білім беретін мектепте Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында демеушілердің көмегі мен мектеп директоры Серік Игілікұлының бастамасымен Алматы қаласындағы орта білім беру ұйымдарының арасында тұңғыш рет халқымыздың құнды мұрасы – киіз үйдің шаңырағы көтеріліп, уығы қадалып, керегесі керіліп этномұражайдың ашылу салтанаты өтті. Бастауыш сынып бірлестігінің ұстаздары мен бірлестік жетекшісі Сәулет Жанарбекқызының жетекшілігімен киіз үй ұлттық жәдігерлерімізбен жабдықталды.
Этномұражайдың ашылу салтанатында сынып жетекшісі Айнұр Серікқызымен 3 «Ә»-сынып оқушылары киіз үй жабдықтарымен таныстырып, ұлттық құндылықтырымыз бен салт-дәстүрлеріміз туралы танымдық көріністер көрсетті. Көркемдік жетекші: Гүлсім Тұрсынбекқызы.

Мұражайдың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық болмысын сақтау арқылы ұлттық сана-сезімі жоғары, өз елінің салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін жақсы білетін, сүйетін, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Алдағы уақытта рухани құндылықтарымыз бен ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін танымдық сабақтар мен іс-шаралар мұражайда өтетін болады. @zhetisu.roo @edualmaty 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив