15
желтоқсан
2023
"Жұлдызды отбасы" байқауы
Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі - өз отбасы. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы ұрпақтарын «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі де өнерлі, иманды да инабатты, ар-ожданы жоғары, намысқой етіп тәрбиелеп келді. Осы дәстүрді жалғастырып мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына орай 6-7-сынып оқушылары мен ата-аналарынан мерекелік шара "Жұлдызды отбасы" байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар мақтау қағаздары мен жүлделі сыйлықтармен марапатталды. 🏆Бас жүлде 6 "ә"-сынып оқушысы Хайбулла Аслан мен анасы Терикбаева Макпал,🥇1 орын 6 "а"-сынып оқушысы Жанғазы Айғаным мен анасы Есенжолова Меризат, 🥈2 орын 7 "в"-сынып оқушысы Ырыстаева София мен анасы Таженова Раушан, 🥉3 орынды 6 "б"-сынып оқушысы Қонабек Ералы мен анасы Исханова Жадыра, 🥉орынды 6 ""-сынып оқушысы Бекен Кәусар мен анасы Талипханова Раяна жеңіп алды. Барлық қатысушы аналарымызға алғыс білдіреміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Отбасылық бақыт пен береке тілейміз!


[media=


[media=
]