03
қазан
2022
БАЛАДАН БАТА
БАЛАДАН БАТА
— Баладан бата сұрауға бола ма?
— Әдетте дәстүрімізде батаны көпті көрген, өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдан сұрайды. «Дұға қылса – тілегі орындалады» демекші, бата —бар болғаны дұға-тілек жасау. Батаны тек үлкен береді деген қатып қалған талап немесе қағида жоқ. Бұл үлкенге құрмет білдіретін әдептілік сабағы десек болар. Бұған қоса дәстүрімізде ақсақал тұрған жерде жастар ақыл айтпайды, бата бермейді. Сол үшін бізде үлкен тұрғанда жас бата бермейді деген түсінік қалыптасқан. Әрине, бұл жақсы үрдіс. Дегенмен, егер ортадағы ақсақал жасқа кезек берсе немесе баланың пікірін сұраса, онда баланың сөйлеуінде әбестік жоқ.